+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

ТОКИО-2020: Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

2021 жылғы 29 шілде 16:08
Бөлісіңіз:
ТОКИО-2020: Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарында +91 келіде жұдырықтасатын Қамшыбек Қоңқабаев турнирдегі алғашқы кездесуін сәтті аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Канело» баспасөз мәслихатында Плантпен төбелесіп қалды

+91 келі салмақта мысырлық боксшы Юсри Резк Мұстафа Хафезді айқын басымдықпен ұтқан Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Аса ауыр салмақта сынға түсіп жатқан отандасымыз қарсыласынан үш раундта да басым болды. Әсіресе қазақстандық боксшының сол қолмен ұрған соққылары қарсыласына ауыр тиіп жатты. Төрешілердің бәрі бірауыздан Қамшыбек Қоңқабаевты жекпе-жектің жеңімпазы ретінде таныды.

Еске салсақ, бүгін шаршы алаңға шыққан 75 келі салмақтағы Әбілхан Аманқұл да өзбекстандық қарсыласын 5:0 есебімен айқын жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.

Тартысты жекпек-жектің бірінші раундында төрешілер жеңісті өзбек боксшысына берген. Алайда, екінші раунда тез жиналған Әбілхан қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесу жеңімпазы атанды.


ФОТО: Жеңіс Ысқабай, Қазақстан ҰОК
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT