ТОКИО-2020: Грекияда Олимпиада алауы жағылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Грекияның Олимп тауы Токиода өтетін Олимпиада ойындары-2020 алауын жағу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты шараға Грекия президенті Прокопис Павлопулос, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, сондай-ақ «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты.

Рәсім ежелгі Гера храмында өтті.

Сценарий бойынша алауды жоғарғы абыз әйел рөліндегі грек актри­сасы Ксанти Георгиу жақты.

Грекиядағы эстафета бір аптаға жалғасады. Содан кейін 19 наурыз күні алау Олимпиада-2020 ұйымдастырушыларына тапсырылады.

Еске сала кетсек , бұған дейін Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши коронавирусқа байланысты: «Жазғы Олимпиада ойындарын тоқтатқаннан көрі бір немесе екі жылдан кейін өткізген дұрыс»,- деген пікір білдірген еді.

Айта кеткен жөн, Токиода Олимпиада шілденің 24-інен 9 тамыз аралығында өтеді. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыздан 6 қыркүйекке дейін болады.

Соңғы жаңалықтар