Токио-2020: Ертең екі боксшымыз рингке шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио олимпиадасының ертеңгі жарыс күнінде қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жапония астанасында Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген теннисші Елена Рыбакина кеше жартылай финалда сүрінгеніне қарамастан, ертең қола медальға таласады.

Сондай-ақ екі боксшымыз шаршы алаңға шығып, жарыстың келесі айналамына өтуге талпынып көреді.

Сонымен қазақстандықтардың ертеңгі жарыс кестесі мынадай:

07:00 – Су добы. Ерлер. Іріктеу кезеңі.

Қазақстан — Черногория

07:35 – Садақ ату. Ерлер. 1/8 финал

Ильфат Абдуллин — Цзялунь Ли (Қытай)

12:00 – Теннис. Әйелдер. Жеке разряд. Қола медаль сарапқа салынады.

Елена Рыбакина — Элина Свитолина (Украина)

14:48 – Бокс. Ерлер. 1/8 финал

52 кг. Сәкен Бибосынов — Биллаль Беннама (Франция)

15:36 – Бокс. Ерлер. 1/8 финал

63 кг. Закир Сафиуллин — Дайсукэ Наримацу (Жапония)


Соңғы жаңалықтар