+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Токио-2020: Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды

2021 жылғы 27 шілде 17:40
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды

ТОКИО. ҚазАқпарат - Токио Олимпиадасында сынға түсіп жатқан теннисші Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» СКА-ны жеңді Үстел теннисінен ҚР кубогінің жеңімпаздары анықталды «Астана» велошабандозы «Венето Классик» жарысының жеңімпазы болды

Қазақстандық теннисші 1/8 финалда хорватиялық Донна Векичпен шеберлік байқасты.

Қарсыласын екі сетте 7:6, 6:4 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

Енді ол испаниялық Гарбинье Мугурусомен тайталасқа түседі.

Айта кетейік, алғашқы кездесулерінде ол австралиялық Саманта Стосур (6:4, 6:2) және швециялық Ребекка Петерсон (6:2, 6:3) сынды қарсыластарын қапы қалдырып кетті.

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасында бұған дейін Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалды.

Сондай-ақ, бүгін Михаил Кукушкин ерлер арасында 1/8 финалда беларусьтік Илья Ивашкоға есе жіберді.

Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысуда.

Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT