+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Токио-2020: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

2021 жылғы 24 шілде 10:39
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

ТОКИО. ҚазАқпарат – Токиодағы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан дзюдошы Елдос Сметов ширек финалда кореялық қарсыласын сүріндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токио электр жарығынсыз қалды, пойыздар тоқтап тұр Жапониядағы жер сілкінісі: зардап шеккендер саны 52-ге жетті Жапонияда болған жер сілкінісінен 19 адам зардап шекті

Ширек финалда Елдос Сметов Оңтүстік Кореяның үміті Ким Вон Джинмен белдескен болатын. Қазақстандық дзюдошы қарсыласын «иппон» әдісімен ұтып кетті.

Енді ол жартылай финалда татами иесі – жапониялық Наохиса Такатомен айқасады. Жапон спортшысы Наохиса Такато әуелі Еуропа чемипонатының жүлдегері бельгиялық Йорре Ферстрэтенді ұтса, ширек финалда грузиялық Лухуми Чхвимианиден басым екенін дәлелдеген болатын. Сондай-ақ, Наохиса Такато Рио Олимпиадасында қола медаль еншілеген еді. 2017 жылғы әлем чемпионы деген атағы да бар.

Сондай-ақ, боксшы Серік Теміржанов та өзінің алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT