+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Токио-2020: Елдос Сметов финалға шыға алмады

2021 жылғы 24 шілде 15:32
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Елдос Сметов финалға шыға алмады

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапон елінде жазғы Олимпиада ойындарында 60 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалда сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан ширек финалға жолдама алды Теннис: Юлия Путинцева Острава турнирінде жеңіліп қалды Astana Open: Тимофей Скатов ширек финалға өте алмады

Жартылай финалда ол татами иесі, Рио Олимпиадасының «қола» жүлдегері, 2017 жылғы әлем чемпионы жапониялық Наохиса Такатомен белдесті.

Тартысты өткен сайыста қарсыласы Елдос Сметовті қосымша уақытта жарыс жолынан шығарды.

Жапон спортшысы Елдосқа дейін әуелі Еуропа чеммпионатының жүлдегері бельгиялық Йорре Ферстрэтенді, ширек финалда грузиялық Лухуми Чхвимианиді жеңген болатын.

Ал Елдос Сметов қола медаль үшін болатын белдесуде Нидерланд дзюдошысы Торнике Тшакадуаның осал жерін табуға тырысатын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT