+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Токио-2020: Бүгін Қазақстан қоржынына медаль түскен жоқ

2021 жылғы 27 шілде 20:04
Бөлісіңіз:
Токио-2020: Бүгін Қазақстан қоржынына медаль түскен жоқ

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының 27 шілдедегі медальдар есебі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейлік теннисші Елена Веснинаның Олимпиададан жеңіп алған медальдары ұрланды Қазақстандық оқушылар Балқан Олимпиадасында бес медальға ие болды

Бүгінгі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынындағы медальдердің саны өзгерген жоқ – 3 «қола» бар.

Жұрт «алтын алады» деп үміт артқан Василий Левит испаниялық қарсыласынан нокаутпен жеңілсе, «Қазақсатынның салмағы» - 69 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов америкалық қарсыласынан өте алмады.

Су добынан ерлер құрамасы бүгін екінші жеңілістің дәмін татса, таэквондошылар Руслан Жапаров пен Жансель Дениз екінші кездесуінде сүрініп, жарысты ерте аяқтайтын болды.

Дзюдода медальден дәмелі болған Дидар Хамза да елге ерте оралатын болды.

Теннисші қыздар арасында табанды өнер керсетіп келе жатқан Елена Рыбакина ертең ширек финалда бәсекеге түседі.

Сонымен, Токио Олимпиадасының сайтындағы соңғы мәлімет бойынша, медальдер кестесінде үш қола медалі бар Қазақстан 47 орынды Украинамен бөлісіп тұр. 46 орында – бір «күміс», бір «қоласы» бар Түрікменстан. Бүгін медаль алған мемлекеттердің саны 52-ге жетті.

Көш басына 10 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль алған жарыс иелері – Жапония шықса, 9 алтын, 8 күміс, 8 қола медалі бар АҚШ екінші орынға түсті. Үштікті 9 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль иеленген Қытай түйіндеп тұр.

Сонымен, 27 шілдеде медаль алған мемлекеттердің жалпыкомандалық көрсеткіші мынадай:

1. Жапония - 10-3-5.

2. АҚШ - 9-8-8

Қытай - 9-5-7

4. Ресей - 7-7-4

5. Ұлыбритания - 4-5-4

6. Оңтүстік Корея - 3-2-5

7. Аустралия- 3-1-5

8. Канада - 2-3-3

9. Франция - 2-2-3

10. Германия - 2-0-3


Биыл дүбірлі додада 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Айтулы аламанға жер бетіндегі 206 мемлекеттен 11 мыңнан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстандық 97 спортшы күншығыс елінде спорттың 28 түрінен бақ сынайды.

Еске салсақ, Токио Олимпиадасы 23 шілдеде басталды. Ол 8 тамызда мәресіне жетеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасы алты Жазғы Олимпиадада бақ сынады. Жалпы алғанда 21 алтын, 28 күміс, 64 қола медаль алды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT