Токио-2020: Әлем назары жапон роботтарына ауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапония халықтың көбінің жасы ұлғайып, жұмыс күші азайып жатқандықтан, қарттар үйінде, кеңселер мен мектептерде роботтар санын арттыра бастады, деп жазады ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Жапония өзгеріп жатыр: қоғам жылдам қартайып, шетелден келушілер артты және мемлекетте роботтар саны еселеніп кетті. Әсіресе, кеңселердегі күзет қызметінде роботтар көптеп пайлаланыла бастады. Соңғы кездері сарапшылар мен саясаткерлер жұмыс күшінің азаю революциясы келгенін айтып жатыр. Ал роботтар олар адамдарды алмастырмай, қосымша көмек күші болатындарына сенімді», - деп жазады басылым.


Жапония үкіметі бірнеше жыл бұрын робот құрастыру саласына 100 млн доллар инвестиция салды. Әсіресе Токио 2020 олимпиадасы кезінде әлем назары жапон роботтарында болады деп күтілуде.

«Жапония үлкен демографиялық проблемаға тап болды. Мұнда халықтың орташа жасы артты, туу көрсеткіші азайды, халық саны да азайып жатыр.

«Батыста роботтарға халықты жұмыссыз қалдырушылар ретінде қарайды. Ал жапондар роботтарды жақсы көреді. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, Жапонияда ғана емес, роботтар бүкіл әлемде арта бастайды», - деп жазады басылым.


Соңғы жаңалықтар