Тоқаевтың Жарлығымен өңірлердегі сот төрағалары тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің Жарлығымен өңірлердегі бірқатар сот төрағалары, сот алқасының төрағалары және судьялар тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Cонымен қатар бірқатар сот басшылары лауазымдарынан босатылды.

Атап айтқанда, Қостанай облысының сотына Салий Вячеслав Васильевич;

Ұлытау облыстық сотына Адранов Қайрат Төлепбергенұлы;

Абай облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Жаманбаев Бақытберген Мейірханұлы;

Абай облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына Қайырбаева Лаура Еркінқызы;

Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Есенжолов Нұролла Ерғалиұлы;

Жетісу облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Шошықбаев Бақытжан Қуанышбайұлы;

Жетісу облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына Әбділдин Ерлан Әукенұлы;

Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Құлбеков Арман Шәріпұлы;

Ұлытау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Шортанбаев Жанболат Бектұрсынұлы;

Ұлытау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына Шағатаев Қайрат Күнесбекұлы;

Ұлытау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына Шайқамалов Қанат Жандарбекұлы тағайындалды.

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Жарлығының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.


Соңғы жаңалықтар