Тоқаевтың жақтастары Маңғыстау облысының сайлаушыларымен кездесті

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Маңғыстау облысында жалғасты. Бұл туралы ҚазАқпарат қоғамдық штабқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Zhamal-ai LTD» арнайы киім және аяқ киім өндіретін фабрикаға барған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кәсіпорын ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген бизнесті қолдау шаралары туралы айтып берді.

Бұдан соң штаб мүшелері өңір жұртшылығымен және IT мамандармен кездесті.

Ал «ҚМГ Инжиниринг» алаңында РҚШ мүшелері өңірдің мұнайшыларымен кездесіп, оларға қауіпсіз еңбек ортасын құру және жұмысшылардың құқығын қорғау жөніндегі шаралар туралы айтып берді. Сонымен қатар қалалық ипподромда штаб мүшелерінің спорт өкілдерімен және жергілікті «Көкмойнақ» командасының шабандоздарымен кездесуі өтті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар