Тоқаевтың жақтастары Атырау облысының тұрғындарымен кездесті

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат кандидаттың қоғамдық штабына сілтеме жасай отырып хабарлады.

РҚШ мүшелері «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ұжымымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген елдің энергетикалық секторын дамыту жөніндегі шараларға назар аударды.

Мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсарту және жалақыны арттыру мәселелерін талқылады.

Бұдан соң балық өңдеу кәсіпорнының алаңында сала кәсіпкерлерімен балық шаруашылығын дамыту және су нысандарының экожүйесін қорғау жөніндегі шаралар талқыланды.

Осы күні облыс жұртшылығымен кездесу өтті, оның барысында РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға арналған бөліміне егжей-тегжейлі тоқталды.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар