Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы СҚО шаруаларымен кездесті

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамдық штабқа сілтеме жасай отырып.

Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында солтүстікқазақстандық шаруалармен және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен кездесті. Іс-шара барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды.

Сондай-ақ РҚШ мүшелері Бескөл ауылында жұртшылықпен кездесіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі сайлау алдындағы бастамаларды талқылады. Тоқаевтың жақтастары Петропавл қаласындағы Kozybayev University университетінде жастармен, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жергілікті сарапшылармен кездесті. Одан бөлек, қағаз өнімдерін өндіретін «Raduga KDR» компаниясының және «Alageum Electric» электротехникалық зауытының ұжымдарымен кездесулер өтті.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар