Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы Қызылорда облысында кездесулер өткізді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР президентін сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының (РҚШ) сайлаушылармен кездесуі Қызылорда облысында жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, кәсіпкерлермен және аграрлық сектордың өкілдерімен болған кездесуде РҚШ мүшелері өңірлердегі көлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Қызылордадағы жылу электр орталығының ұжымымен кездесу өтті.

Мұнымен қоса, РҚШ мүшелері айтыскерлермен және жыршылармен кандидаттың мәдениет пен өнерді дамытуға, сондай-ақ халықаралық аренада Қазақстанды бейбітшілік пен келісім, ізгілік пен толеранттылық елі ретінде танытуға бағытталған сайлауалды бастамаларын талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар