Тоқаевтың Қытайға сапары екіжақты қарым-қатынастың дамуына серпін береді - Ли Кэцян

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға жасаған ресми сапары барысында ҚХР Мемлекеттік хатшысының орынбасары Ли Кэцянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы (БХӨЖ) Тұрақты комитетінің (ТК) төрағасы Чжан Дэцзянмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Қытайдағы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жылдар бойы жасасқан екіжақты қарым-қатынас саяси өзара сенімді нығайтып, әртүрлі салалардағы ынтымақтастықтар елеулі табыстарға қол жеткізіп жатқанын көру қуаныш сыйлайды. Сіздің сапарыңыз екі ел арасындағы достықты нығайтуға міндетті түрде серпін береді деп сенемін», - деді кездесуде Ли Кэцян. 

null  

Өз кезегінде, Қасым-Жомарт Тоқаев қарашаның басында Қазақстанға жасаған Ли Кэцян сапарының табысты болғанын атап өтті. Ол Қазақстанның қытайлық экономиканың даму қарқынын аса үлкен қызығушылықпен бақылайтынын тілге тиек етіп, ҚР Парламент Сенатының қызметімен таныстырды. Тараптар түрлі салалардағы ҚР мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықтардың болашағын талқылады. ҚР Парламенті Сенатының спикері Чжан Дэцзянді өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапар жасауға шақырды.

null  

Қасым-Жомарт Тоқаев 2017 жылы маусымда Астанада ЭКСПО-ның ашылуы өтетінін, оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді қатысуға шақыратынын атап өтті. 

null null null null  

Соңғы жаңалықтар