Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары туралы бейне ролик жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға жасаған мемлекеттік сапары туралы бейне ролик жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Видеоны Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жариялады.

Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеше Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Әуежайда Қазақстан Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков пен Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Нұрпейісов күтіп алды.

Бүдан кейін Мемлекет басшылары қуғын-сүргін құрбандарының монументіне гүлдестесін қойды. Екі ел Президенттері әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың ескерткішіне барып, гүл қою рәсіміне қатысты. Екі елдің Президенттері қырғыз халқының көрнекті жазушысы Шыңғыс Айтматовтың Музей-үйіне барды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековтің келіссөздерінен кейін екі ел үкіметтері арасында бірқатар құжатқа қол қойылды.

Қазақстан мен Қырғызстан делегацияларының арасында өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

Айта кетерлігі, Мемлекет басшысы бүгін Бішкек қаласында өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысуда.

Соңғы жаңалықтар