Тоқаевтың БҰҰ 74-сессиясына қатысуына орай әзірленген жаңа деректі фильм көрсетіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысуына орай әзірленген «БҰҰ: Әлем елдері үшін ортақ үй» жаңа деректі фильм көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке сапары. БҰҰ 74-сессиясында Қасым-Жомарт Тоқаев қандай мәселелер көтерді? Кімдермен кездесті? Президент Телерадиокешенінің «БҰҰ: Әлем елдері үшін ортақ үй» жаңа деректі фильмін көріңіздер!», делінген хабарламада.

Деректі фильмді «Хабар 24» телеарнасынан бүгін яғни, 14 қазанда сағат 21:30-да көруге болады.

Еске сала кетсек, қыркүйек айының соңында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама штаттарына жұмыс сапарымен барып, Нью-Йорк қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысты.

Соңғы жаңалықтар