Тоқаевтың алғашқы Жолдауында қандай мәселелер көтеріледі – саясаттанушы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Талғат Қалиев 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында қандай мәселелерді көтеретіндігіне болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл Жолдау елдің екінші Президентінің тұлғасын танытудың кезекті кезеңі болуымен шытырманға толы. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұл оқиға ішкі, сонымен қатар сыртқы аудитория үшін қызығушылық туындатады. Себебі Қасым-Жомарт Тоқаевтың танылу процестері нағыз қызған кезінде тұр. Қазірдің өзінде Мемлекет басшысының ерекше құпия жасамай, барлық зорлықшыларға жазаны қатаңдатуға ниетті екендігімен бөлісуі фактісінің өзі қызықтыра түседі. Бұл жаңалықты құпия ұстай тұрып, залда барынша қошеметке ие болуға да болар еді. Дегенмен, Президентке пойыздағы зорлау сорақы фактісіне байланысты оқиғаға бей-жай қарамаған отандастарымен пікірлес екендігін білдіру маңызды болған сияқты. Осынау қысқа ғана твит іс жүзінде зорлыққа бірауыздан жек көрушілікті қалыптастыруда айрықша рөл ойнады. Қалғаны әзірше құпия қалып отыр», - деп жазады Т.Қалиев Telegram-да.

Сонымен қатар, ол Президенттің алдағы Жолдауында әлеуметтік қолдау шараларына қатысты мәселелер көтерілетіндігіне болжам жасайды.

«Бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру. Тамыз кеңесінде төрт жылдың ішінде мұғалімдердің жалақысын 4 есе көтеру тапсырмасы берілді. Бұл тармақ Жолдаудада қозғалып, барынша тарқатылуы мүмкін. Таяуда өткен индустрияландыру жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы түбегейлі мәселелерді көтеріп, қазақстандық экспорт үлесін арттыру туралы тапсырма берді. Бұл мәселе де Жолдауда барынша кеңінен қозғалатын шығар. Үкіметтің таяудағы кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлік қызметке араласу тақырыбын көтеріп, бизнестің дамуына кедергі келтіретіндердің бәрін жұмыстан босататындығына уәде берді. Кәсіпкерлікті қорғау шаралары заңнамамен кепілдендіруге тапсырма береді деп болжауға болады», - деді ол.

Саясаттанушы Мемлекет басшысының бұл жолғы Жолдауында саяси реформалар мәселесі де қозғалатындығын атап өтеді.

«Тоқаев Президент болғаннан бері интернетке қолжетімділікке қатысты проблема өткеннің еншісінде қалды, бейбіт жиындар өткізуге рұқсат беру уәдесі де сақталды. Ереуілдер, кейде рұқсат етілген заңды шерулер ендігі уақытта ешкімді де таңғалдырмайды. Екінші Президенттің ымырашыл болуға ниетті екендігі анық байқалады. 2 қыркүйекте Президент Қазақстан халқына өзінің бірінші Жолдауын арнайды, ал 4 күннен кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы өтеді. Онда әлеуметтік, экономикалық және және саяси үш жұмыс тобының құрылатындығы жорамалданады. Яғни, Жолдау бұл мәселелердің барлығын жаппайды, даму, оның тармақтарына әлеуметтік сұраныстарды қосу үшін дәліз қалдырады. Бір сөзбен айтқанда, бұл Жолдау нүктемен емес көп нүктемен аяқталады», - деді Талғат Қалиев.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

Соңғы жаңалықтар