USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Тоқаев: ЖОО санын қысқарту қажет

2019 жылғы 2 қыркүйек 12:48
Бөлісіңіз:
Тоқаев: ЖОО санын қысқарту қажет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түлектерін жұмыспен қамти алмайтын жоғары оқу орындарының санын қысқарту мәселесін қарастыру қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«Өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан еліміздегі жоғары орындарының жартысы ғана 60 пайыздық деңгейге қол жеткізіп отыр. Сондықтан олардың санын қысқарту мәселесін қарастыру керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, терең білім берудің орнына диплом сатумен айналысқан университеттеріміздің де бар екендігі жасырын емес.

«Бірінші кезекте соларға тыйым салу арқылы біз оқу орындарындағы білім беру сапасын арттыруға күш саламыз», - деді Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT