+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

Тоқаев жастармен үстел теннисін ойнады

2019 жылғы 13 мамыр 19:48
Бөлісіңіз:
Тоқаев жастармен үстел теннисін ойнады

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына сапары барысында жастармен үстел теннисін ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында «Спорт шеберінен шеберлік сабағы» деген тақырыппен видео жариялады.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында Батыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы өңірдегі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылыстарының қарқынын арттыруды тапсырды.

«Шетелдік инвестиция есебінен екі бірдей алыс ауданның орталығына дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу жұмыстары басталды. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Әкімдікке Жастар жылы аясында барлық аудандарды осындай дене шынықтыру кешендерімен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT