Тоқаев зейнетақы жинағына баспана алу туралы: Алғашқы қадам жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл ортасына дейін зейнетақы жүйесін реформалауға қатысты шешіміміз айқындалуы тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Баспана сатып алуға және өзге де қажеттіліктерге зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға қатысты айтар болсам, осынау маңызды мәселені шешу үшін алғашқы қадам жасалды. Біздің мақсатымыз - адамдарды қартайған кезде лайықты зейнетақысыз қалдырып, барлық жинағын қазір бере салу емес»,- деді Мемлекет басшысы.

ҚР Прзидентінің айтуынша, жалақыны көлеңкеден шығаруға ынталандыру қажет. Яғни, адамдар жұмыс берушіден зейнетақы жарнамасын аударуды талап етуі тиіс.

«Үкімет пен Ұлттық банк бұл реформаны жүзеге асыруды бастайды. Мұндай мүмкіндіктер берілетін азаматтардың аясын біртіндеп кеңейте беру қажет болады. Сонымен қатар зейнетақы жүйесін жаңғыртуды жеделдету де қажет. Оның төңірегінде де пікірталас көп. Дегенмен, жылдың ортасында біздің шешімдеріміз бен әдістерімізді айқындау керек»,- деді Қ.Тоқаев.



Соңғы жаңалықтар