Тоқаев УзА агенттігінің қазақша ақпарат таратуына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев УзА агенттігінің қазақ тілінде ақпарат таратуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өзбекстандағы Қазақстан жылының жариялануына байланысты УзА ұлттық агенттігі қазақ тілінде ақпарат тарата бастапты. Бұл бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерген Елбасымыз Н.Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевтің арқасы», деп жазды ҚР Президенті Туиттердегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Өзбекстанның ресми ақпараттық агенттігі тұңғыш рет қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосқанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар