Тоқаев ұлттық төлем жүйесін жасауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі ұлттық төлем жүйесін жасауға кірісуі тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көлеңкелі экономикамен күрес мәселесі, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үлесін арттыру Ұлттық банктің де, Үкіметтің де басымдығы болып қала беруі тиіс. Сондықтан қаржы нарығының қатысушыларын өзара тиімді шарттармен тарту арқылы ұлттық төлем жүйесін жасауға кірісу қажет», - Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар