Тоқаев Үкіметке Ұлттық қор қаржысына иелік етуді жетілдіру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет. Бұл келешек ұрпақтың қаржысы. Ұлттық қордың трансферттері бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды және жобаларды жүзеге асыру үшін ғана бөлінуі керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, кепілдендірілген трансферт көлемі 2022 жылдан бастап бірте-бірте 2 трлн теңгеге дейін азаюы тиіс.

«Қор қаржысын пайдаланудың анағұрлым тиімді инвестициялық саясатын жүргізген жөн. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, жыл соңын дейін Ұлттық қордың қаржысына иелік етуді жетілдіру үшін нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын», - деді ҚР Президенті


Соңғы жаңалықтар