Тоқаев Үкіметке ғылымды институттық дамыту тұжырымдасын әзірлеуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғылымды мұнан ары институттық дамыту тұжырымдасын әзірлеу қажет. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылымды қаржыландыру ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Өткен конкурстардың қорытындысы бойынша гранттық қаржыландыруды бөлу ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын жетілдіру және толықтай алғанда ғылымды қаржыландыру ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті өтінімдерді іріктеу процедурасы да қолайсыз үлкендігімен және жабықтығымен сынға ұшырап отырғанын айтты.

«Ғылыми ортада қаржыландыру жүйесіне сенімсіздік, сонымен қатар егде және жас ғалымдар арасында белгілі бір жіктелу байқалады. Сондықтан Үкіметке нақты тәжірибелік ұсыныстармен ғылымды мұнан ары институттық дамыту тұжырымдасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Қ.Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар