Тоқаев: Үкімет халықтың әл-ауқатын арттырудың жедел шараларын әзірледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі халықтың әл-ауқатын арттырудың жедел шаралар топтамасын әзірледі. Бұл туралы бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің тапсырмам бойынша Үкімет өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жедел шаралар топтамасын әзірледі. Биылғы жылдың соңына дейін 300 мыңнан астам жұмыссыздар мен өзін өзі жұмыспен қамтығандар жұмысқа орналастыру шараларымен, оның ішінде »Бастау бизнес« және »Жас кәсіпкер« бағдарламалары аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқыту арқылы да қамтылатын болады», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұзақмерзімді кредиттер және өз ісін ашуға мүдделі жандарғагранттар ұсыну арқылы кәсіпкерлік қызмет ынталандырылатындығын баса айтты.

«Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тобына атаулы әлеуметтік көмек ұсыну процесінің тиімділігін арттыру қарастырылуда», - дед ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар