Тоқаев Түркістан өңірінде Түркі елдерінің бірлескен арнаулы экономикалық аймағын құруды ұсынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан өңірінде Түркі елдерінің бірлескен арнаулы экономикалық аймағын құру қажет. Мұндай ұсынысты Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкеп соқтырды. Індеттің салдарынан өзара сауда айналымы азайып кетті. Нақты айтқанда, Қазақстан мен Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр шамамен 7 млрд доллар болды. Бұл пандемияға дейінгі көрсеткіштен 11,2 пайызға төмен. Сондықтан біздің елдеріміз үшін алыс-берісті ұлғайта түсу басты міндеттің бірі», - деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда ҚР Президенті тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндігі зор екендігін баса айтты.

«Оның қомақты табиғи ресурсын, адами капиталы мен туристік әлеуетін ескеріп, Түркістан өңірінде Түркі елдерінің бірлескен арнаулы экономикалық аймағын құруды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар