Тоқаев Total компаниясының мұнай-газ саласында инвестжобаларға қатысу перспективасын талқылады

None
Фото: akorda.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Total Energies компаниясының президенті Патрик Пуяннені қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Total Energies компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және президенті Патрик Пуяннені қабылдады.

Кездесуде Total Energies компаниясының Қазақстанмен қарым-қатынасының негізгі аспектілері және энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Total компаниясының мұнай-газ химиясы саласындағы инвестициялық жобаларға қатысу перспективасы қарастырылды.


Соңғы жаңалықтар