+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Тоқаев: Терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтар елді алға жетелейді

2021 жылғы 30 сәуір 16:25
Бөлісіңіз:
Тоқаев: Терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтар елді алға жетелейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтар елімізді алға жетелейді»,-деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен кездесуінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
ЖЕЭК отырысы: Қазақстан Президенті экологиялық қауіпсіздікке қатысты пікір білдірді ҚР Президенті ЕАЭО елдеріне трансшекаралық көлік әлеуетін дамытуды ұсынды Қасым-Жомарт Тоқаев көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі халықаралық жиынға қатысты

«Қазақ «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» деп, дара тұлғаларының мерейін асырған. Бүгінгі белес сіздерді жаңа биіктерге бастайды деп сенемін. Шын мәнінде, елімізде өз кәсібінің майталманы атанған жастар аз емес. Ортамызда медицина, білім-ғылым, экология, IT технологиясы және басқа да салалардың өкілдері отыр. Қазіргі күрделі кезеңде бұл мамандықтардың қай-қайсысы да айрықша маңызды. Терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтар елімізді алға жетелейді. Осы орайда, тәуелсіздік кезеңінде өсіп жетілген буынның қарым-қабілетін жоғары бағалаймын. Білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу – бұл аса маңызды мемлекеттік міндет. Еліміздің болашағы дарынды, отаншыл жастардың қолында болуы керек. Солай боларына кәміл сенемін. Осы стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін жүйелі реформаларды міндетті түрде жалғастырамыз»,-деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT