+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

Тоқаев: Тәуелсіздігімізді қорғау - әрбір Қазақстан азаматының абыройлы міндеті

2020 жылғы 22 қазан 12:45
Бөлісіңіз:
Тоқаев: Тәуелсіздігімізді қорғау - әрбір Қазақстан азаматының абыройлы міндеті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біз барлық табысқа азаттықтың арқасында қол жеткіздік. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«30 жыл ішінде біз Елбасының сарабдал саясатының арқасында беделді, әлеуеті мол мемлекет құрдық. Жетістіктеріміз аз емес. Мұны бүкіл әлем мойындап отыр. Дегенмен алдымызда ауқымды міндеттер мен биік мақсаттар тұр. Оның барлығына жоспарлы түрде қол жеткізе береміз. Мен айтқанымдай, келесі жылы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Тәуелсіздіктің ұрпағы - Отанымыздың ертеңі, еліміздің одан әрі дамуының қозғаушы күші – солар. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы - егенмендіктің бізге берген игілігін саралау және құндылығын бағалау мүмкіндігі. Біз барлық табысқа азаттықтың арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік - ең асыл, ең қымбат, ең киелі құндылығымыз!», - деді Президент.

Мемлекет басшысы қазіргідей алмағайып кезеңде мемлекеттер мен ұлттар әлсіреп, егенмендігінен де оңай айырылып қалуы мүмкін екенін айтты.

«Бұған кешегі тарих пен бүгінгі әлем бедерінде мысалдар жеткілікті. Отанымыздың өсіп-өркендеуі үшін қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау және нығайту - әрбір Қазақстан азаматының және барлық саяси күштердің абыройлы міндеті», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT