Тоқаев Сitigroup қаржы институтының Қазақстандағы қызметінің перспективасын талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сitigroup компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонды қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында халықаралық қаржы институтының еліміздегі қызметінің перспективалары талқыланды.

Президент еліміздің қаржы секторындағы цифрлық трансформацияны дамыту ісіндегі компания басшысының күш-жігерін жоғары бағалады.

Дэвид Ливингстон Мемлекет басшысына былтыр Сitibank Kazakhstan Астана халықаралық биржасының Құнды қағаздар орталық депозитарийіне (AIX CSD) мүше болғанын жеткізді.

Оның айтуынша, бұл халықаралық институттық инвесторларға өз активтерін AIX депозитарийінде сақтауға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар