Тоқаев ШЫҰ елдерін Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен ынтымақтастыққа шақырды

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер кеңесінің 19-отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым елдерін Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен ынтымақтастыққа шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Бішкектен.

«Климаттың өзгеру проблемасы - қазіргі сын-тегеуріндердің ең көкейтестілерінің бірі болып отыр. ШЫҰ қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық қоғамдастық қызметіне белсенді қатысуы тиіс деп санаймыз», - деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте Қазақстан Президенті аталған саладағы ынтымақтастық үшін тұрақты қолданыстағы тұғырнама құруды ұсынды.

«Тұрақты даму принциптеріне жәрдемдесу мақсатында ШЫҰ елдері мен серіктестерін Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығымен ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар