+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Тоқаев: ШЫҰ-дағы ортақ талпыныс – «бәрі де адамдар» үшін деген мақсатқа бағытталуы керек

2020 жылғы 10 қараша 16:30
Бөлісіңіз:
Тоқаев: ШЫҰ-дағы ортақ талпыныс – «бәрі де адамдар» үшін деген мақсатқа бағытталуы керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттерді заманның күрделі мәселелерін шешу үшін тиімді шешім қабылдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды Мағзұм Мырзағалиев ШЫҰ экожүйелік цифрлық картасын әзірлеуді ұсынды

«Геоэкономика саласында екі полярлық тенденцияның – жаһандану мен ұлтшылдықтың қайшылығын көріп отырмыз. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, әлемдік экономиканың құлдырауы 2020 жылдың қорытындысы бойынша 4,4 пайызға жетеді. Халықаралық туристердің ағымы шамамен 70 пайызға дейін қысқарады. Тікелей инвестициялар ағымының көлемі 40 пайызға дейін құлдырайды. Осындай жағдайда біз маңызды мәселелер бойынша тиімді шешім қабылдауымыз керек. ШЫҰ-ны біздің азаматтардың түпкілікті мүддесі үшін қиын жағдайға бейімдей аламыз ба? Шанхайлық рух және үйлескен жауаптарды іздеудегі өзара сыйлы тәжірибе – түбінде осынау ауқымды мәселені шешуге көмектесетініне сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент «Қазақстан ортақ талпыныс – «бәрі де адамдар» үшін деген мақсатқа жету үшін жұмсалуы керек» деп есептейтінін айтып өтті.

«Дәл осы мақсаттан пандемия мен басқа да тегеуріндердің алдындағы біздің ұжымдық иммунитетіміздің бекитінін көріп отырмыз», - деді ол.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция режимінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қатысуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT