Тоқаев штабы Атырау халқына сайлауалды бағдарламаны таныстырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысының жұртшылығымен кездесті. Бұл туралы кандидаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жалғастырды. Алдымен штаб мүшелері өңірдегі бюджет саласының қызметкерлерімен және жергілікті белсенді азаматтармен кездесті. Мұнда кандидаттың сайлауалды бағдарламасының басымдықтары сөз болды. Әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты ұстанымдарға ерекше назар аударылды.

Атыраудың мұнайлы өлке екені белгілі. Сондықтан штаб өкілдері аталған салаға қажетті ірі көлемді өнімдер даярлайтын «АтырауНефтеМаш» зауытының еңбек ұжымымен арнайы кездесті. Мұнда олар бағдарламада еңбек адамдарына лайықты жағдай жасаудың нақты тетіктері көрсетілгенін айтты. Сондай-ақ кездесуде елдің тұрақты дамуы Елбасы саясатының сабақтастығымен тығыз байланысты екені айтылды.

Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстары Махамбет ауданында да жалғасты. Мұнда Қ.Тоқаевтың сенімді өкілдері жергілікті жұртшылықпен кездесіп, кандидат анықтаған басым бағыттардың бәрі елдік мүддеге негізделгенін айтты.

Осы ретте штаб мүшелері облыстағы бірқатар кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгенін де атап өткен жөн.

Соңғы жаңалықтар