Тоқаев шетел Елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елдің Төтенше және Өкілетті Елшісінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен, Мемлекет басшысына Тайланд Корольдігінің Елшісі Расс Джаличандра сенім грамотасын тапсырып шығып, БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

«Бүгін Тайланд Корольдігінің жаңа Елшісі ретінде ҚР Президенті, аса мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын табыстау құрметіне ие болдым. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін сенім грамтотасын тапсырған бірінші Елші болу мен үшін үлкен мәртебе. Сенім грамотасын тапсырған соң Тоқаев мырзамен шағын уақыт әңгімелесу мүмкіншілігі болды. Біз қазіргі уақытта Қазақстан мен Тайланд арасында өте жақсы достық қарым-қатынас бар деген ортақ пікірге келдік», - деді ол.
null

Сонымен қатар Расс Джаличандра биыл Бангкок пен Нұр-Сұлтан қаласы арасындағы достықтың 15 жылдығы екендігін айтып, қазіргі уақытта Таиланд Елшілігі Нұр-Сұлтан қаласы күні мерекесін атап өтуге дайындалып жатқанын атап өтті.

Қазақстан Президентіне сенім грамотасын тапсырып шыққан Иордания Корольдігінің Елшісі Юсуф Абдельгани Қазақстан мен Иордания Корольдігі арасында тығыз қарым-қатынас орнағандығына назар аудартты. Екі ел арасында үкіметаралық комиссияның жұмыс істейтіндігін, мәдениет, білім және өзге де салаларда бірқатар келісім жасалғанын айтты.
null

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иорданиямен жақсы қарым-қатынасты жолға қою үшін көп еңбек сіңіргендігін айрықша атап өткім келеді. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Иордания Корольдігімен арадағы қарым-қатынасты одан ары дамытуға барлық уақытта дайын екенін атап өтті», - деді Елші.
null

Ал Венесуэла Елшісі Энрике Антонио Акунья Мендоза жаңа тарихи кезеңді бастан кешіріп отырған Қазақстан халқы мен Үкіметіне бейбітшілік, өрлеу мен гүлдену тілейтінін жеткізді.
null

«Қазақстандағы біздің миссиямыздың басты мақсаты - Үкіметтеріміздің арасындағы саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық ынтымақтастықты нығайту, халықтарымыздың арасындағы достық пен ынтымақтастық байланыстарды күшейту», - деді Венесуэлла Елшісі.
null

null

Соңғы жаңалықтар