+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Тоқаев Семейде Ф.Достоевскийдің 200 жылдығына атаулы іс-шара ұйымдастыруды ұсынды

2021 жылғы 21 қазан 15:01
Бөлісіңіз:
Тоқаев Семейде Ф.Достоевскийдің 200 жылдығына атаулы іс-шара ұйымдастыруды ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Федор Достоевскийдің 200 жылдығына арналған атаулы іс-шара ұйымдастыруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жетінші – мәдениет диалогы және жалпыұлттық азаматтық патриотизм. Біз күн сайын үйлесімді этносаралық өзара-іс-қимылдың жарқын үлгілерін, түрлі этносқа кіретін ел азаматтарының патриотизм актілері мен жанкешті еңбегін көріп отырмыз. Қазақстанда этникааралық диалог дәстүрінің тамыры береңде жатыр. Мәселен, көрнекті зерттеуші Потанин Григорий Алексеевичті «Алаш» қайраткерлері құрметті ақсақал деп атаған. Потаниннің қазақ тілінде сөйлегені, халқымыздың мәдениетін, тұрмысын және тарихын зерттегені белгілі. Қазақтың танымал ғалымы Шоқан Уәлихановпен достық қарым-қатынаста болған. Биыл ЮНЕСКО қамқорлығымен Шоқан Уәлихановтың тағы бір досы, әлем әдебиетінің классигі Достоевский Федор Михайловичтің 200 жылдығы аталып өтеді. Меніңше, еліміздің тарихи орталықтарының бірі – Семейде осынау датаның күніне орай атаулы іс-шара ұйымдастыру керек», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, Ф.Достоевский Семей қаласында 5 жыл бойы жұмыс істеген. Қалада жазушының әдеби-мемориалды музейі орналасқан. Осы музей үй бүкіл әлем туристері үшін мәдени-танымдық нысанға айнала алады.

«Мәдениеттердің бір-бірімен араласуында шекара жоқ. Ол халықты рухани байытады. Бұл менің нық сенімім. Қазақстанда Александр Пушкиннен бастап «Еділде казакпын, Жайықта қазақпын» деп айтқан Нобель сыйлығының лауреаты Михаил Шолоховқа дейін орыс әдебиетінің көптеген классигі шабыт алған еді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT