Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты шешуге қатысты ұстанымын білдірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен жалпыға ортақ халықаралық құқық нормалары негізінде дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын растады.


Фото: akorda.kz
Соңғы жаңалықтар