Тоқаев Президент ретінде неліктен 12 маусымда ұлықталатынын түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлықтау рәсімін 12 маусымда өткізуді жоспарлап отырмыз. Егер осы уақытта Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын толықтыру міндетін орындап, есептерін жариялай алса», - деді ҚР Президенті БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы ретте Мемлекет басшысы бұл датаның неліктен таңдап алынғанын түсіндірді.

«Өйткені, 14 маусымда бұған дейін айтқанымдай, Бішкекке, одан ары Душанбеге ұшамын. Бұл ірі халықаралық шаралар және бұл шараларға Қазақстан Президентінің өкілеттіктерге иелік еткендігі дұрысырақ болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осыған дейін ҚР Президентінің ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтуі мүмкіндігін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар