Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі ҚР мен БҰҰ өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаның Қазақстан Парламентінде болған кездесуінде Қазақстан мен БҰҰ-ның өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды.

2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргеніне 25 жыл толды. Қ.Тоқаев Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуындағы жаһандық ұйымның маңызды рөлін атап өтті. Конституциялық реформаларға қатысты Төраға жаңа түзетулер Қазақстан мемлекетінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік негіздерін бекітетіні туралы пікірін білдірді. Реформа билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуді ғана емес, тәуелсіздіктің мызғымастығы мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін қалаған басты қағидалар жөніндегі ережелерді де қамтиды, деді жоғарғы Палатаның басшысы.

Төраға Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі мен жауапкершілігі күшейе түсетініне, ол лауазымға Президенттің ұсынуы бойынша Сенат сайлайтыны және жұмыстан босататынына назар аударды.

Кездесу барысында жүздесушілер Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болған кездегі Орталық Азиядағы жағдай туралы пікір алмасты. Сенат Төрағасы аймақтық қауіпсіздік пен ынтымақтастықты нығайту Президент Н.Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесіне арнаған үндеуіндегі негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтті. Қ. Тоқаев Қазақстан БҰҰ құрылымдарымен, оның ішінде Орталық Азияға арналған превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталықпен тығыз және нәтижелі ынтымақтастыққа сенім артатынын айтты. Бұл орталықтың басшысы, Бас хатшының Арнаулы өкілі Петко Драганов та кездесуге қатысты. 

Соңғы жаңалықтар