+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент алдындағы маңызды екі міндетті атады

2021 жылғы 15 қаңтар 10:39
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент алдындағы маңызды екі міндетті атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек. Бұл туралы 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті депутаттар! Ұсынылған бастамалар қазір күн тәртібінде тұрған ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық, саяси реформалардың бір бөлігі ғана. Оның көптеген бағыты бойынша қажетті заң жобалары талқыланып жатыр. Депутаттар бұл жұмысқа белсене қатысып, Үкіметпен сындарлы қарым-қатынас орнатуы қажет деп санаймын. Менің негізгі ұстанымым - қоғамдағы барлық өзекті мәселелер ең алдымен Парламентте талқылануға тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атсалысуы керектігін баса айтты.

«Азаматтардың наразылығын туғызуы мүмкін даулы мәселелер бойынша тиімді кері байланыс орнату - басты талаптың бірі. Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл - сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT