Тоқаев: Озық білім мен қажырлы еңбек қана елді табысқа жеткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Озық білім мен қажырлы еңбек қана елді табысқа жеткізеді. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халықтық коалиция форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жасампаздық – жаңару мен жаңғыру жолы. Біздің басты мақсатымыз – Отанымызды өркендету, мемлекетімізді дамыту. Озық білім мен қажырлы еңбек қана елді табысқа жеткізеді. Бәсекеге қабілетін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалицияның форумында.

Президент қазір ғылым экономиканы жедел алға жетелейтін алып индустрияға айналғанын баса айтты.

«Қазақстан жаһандық экономикадағы үрдістерға сай болуға тиіс. Бізге де осы ғылыми-технологиялық жаңашылдықты әкеліп, өндіріске қосатын жаңа әрі білікті мамандар керек. Біз оларға қажет жағдайдың барлығын жасаймыз. Себебі, адам капиталы ең құнды байлығымыз. Мұны уақыт және тәжірибе дәлелдеді. Осылайша, Қазақстанның инновацияның, жаңа технологияның, тың идеялардың, ауқымды капиталдың орталығы болуға зор мүмкіндігі бар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар