Тоқаев Nomad Stunts тобының жетекшісіне ер-тоқым сыйлады

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nomad Stunts тобының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожиновке ер-тоқым сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
«Сіз туралы фильмді көргенмін. Сондықтан сіздің өнеріңізді жақсы білемін. Қашан да аман болыңыздар», - деді ҚР Президенті Жайдарбек Күнғожиновке ер-тоқым сыйлай отырып.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Nomad Stunts тобының өнерін тамашалады.

Каскадерлер аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, садақ ату сияқты ұлттық ойын түрлері мен көшпенділердің әскери шеруін көрсетті.
Nomad Stunts тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов Мемлекет басшысына 2020 жылы каскадерлерге берілетін Taurus World Stunt Awards сыйлығын жеңіп алғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар