Тоқаев Маңғыстау облысын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына Маңғыстау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспары және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде есеп берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіптік өндіріс көлемінің азаюы мен өңірге тікелей тартылатын инвестиция қарқынын төмендетпеу керегін атап өтті. Сондай-ақ, Президент халықтың тұрмысы төмен топтарын қолдау, тұрғын үй, соның ішінде, «Бақытты отбасы» бағдарламаларының орындалуы мәселелеріне облыс басшылығы тұрақты әрі мұқият бақылауды ұстауы қажет екенін айтты.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті Маңғыстау облысын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар