Тоқаев: Қызмет – уақытша, халық – мәңгілік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде Қазақстан халқын бірліке үндеді, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым», - деді Президент.

Мемлекет басшысы елдің өзіне артқан сенімін абыроймен атқаратынына сенім білдірді.

«Ашығын айтқанда, қызмет – уақытша, ал халық – мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін. Біздің Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір! Сондықтан әрқашан бірге болайық, ағайын!

Еліміз өсіп-өркендей берсін! Отанымыз – Қазақстан Республикасы жасасын! Халқымыз жасасын! Халқымыз әрқашан аман болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыз жасасын!», - деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысы бойынга 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 26 қарашаға белгілеген еді.

Фото: t.me/bort_01
Соңғы жаңалықтар