USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Тоқаев ҚР әскерилерінің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты

2021 жылғы 29 қараша 23:43
Бөлісіңіз:
Тоқаев ҚР әскерилерінің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен кездесті, ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
«Самұрық-Қазына» басшысы қорды реформалау бойынша ұсыныс күтеді Президенттің апталық жұмысына видеошолу жарияланды Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толды

Кездесу барысында Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары талқыланды. Сондай-ақ халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ой-пікірлер ортаға салынып, Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай сөз болды.

Репатриация және реинтеграция, отбасылардың қауышу және қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарға психологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша еліміз бен Комитет арасындағы өзара табысты ықпалдастық атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Комитеттің қызметін толық қолдайтынын нақтылап, осы ұйымның басшысы лауазымындағы Петер Маурердің атқарып жатқан жұмысын жоғары бағалады.

Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл Крест комитетіне Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен бітімгерлік операциялар жүргізу мәселелері бойынша өзара табысты ықпалдастығы үшін ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық әскерилердің БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты.

Петер Маурер Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, Комитеттің қазіргі қызметі мен жоспары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ еліміздің ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін жоғары бағалады.

Еске салайық, 28 қарашада Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев ресми сапармен Швейцария конфедерациясына келді.

Бүгін Женевада Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның Федералдық Президенті Ги Пармеланмен келіссөз жүргізеді, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысымен кездесті, ДДСҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнаулы сессиясына қатысты, сондай-ақ Инвестициялық дөңгелек үстел отырысына қатысты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Татьяна Валоваямен кездесті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT