Тоқаев Конституциялық Кеңестен Қазақстанда 15 жыл тұру талабының мазмұнын ашуды сұрады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Республика Конституциялық Кеңесі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылғы 23 сәуірде Республика Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады. Өтініш беруші Республика Президенттігіне кандидаттарға қойылатын Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұруы туралы талабының мазмұнын ашуды, сондай-ақ Қазақстанның шетелдік мекемелерінде және Республика мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдарда жұмысы кезеңінде азаматтың елден тыс жерде тұрған уақытын аталған мерзімге есептеу мәселесін түсіндіруді сұрайды», - делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар