Тоқаев қоғамдағы әйелдердің ұстанымдарын барынша қолдауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қоғамда әйелдердің экономикалық әрі саяси ұстанымдарын барынша қолдауды қамтамасыз ету керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы жаздың басында менің Жарлығыма сәйкес Үкімет Адам құқығын қорғау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Осы маңызды құжат Қазақстанда адам құқығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін ұзақ мерзімді институттық негіз қалыптастырады. Атап айтқанда, кешенді жоспар қабылданғаннан кейін гендерлік теңдікті қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс басталды», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, осыған орай әйелдердің қоғамдағы экономикалық және саяси ұстанымын барынша қолдауды қамтамасыз еткен жөн.

«Бұл жұмысқа Президент Әкімшілігі жауапты. Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасына да өзгерістер енгізген жөн», - деді Қ. Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар