Тоқаев: Кейінгі дағдарыстар БҰҰ-ны реформалау қажеттігін көрсетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзінде БҰҰ-ны реформалау қажеттігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз тек күш жұмылдыра отырып қана қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп бере алатынымызға сенімдімін.

Ортақ мақсатымызға қол жеткізу үшін біз мынадай бағыттарда әрекет етуге тиіспіз.

Өткен жылдардағы көптеген және көбіне өзара байланысты дағдарыстар жаһандық басқаруда айтарлықтай кемшіліктер бар екенін көрсетті. Олар БҰҰ-ны жаңғырту және реформалау қажет екенін айқындап берді»,- деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ алдағы сын-қатерлерге және туындайтын мүмкіндіктерге дайын болуға тиіс деп есептейді.

«Осыған байланысты Қазақстан Бас хатшының «Біздің ортақ мәселеміз» атты баяндамасында айтылған ұсыныстарды қолдайды.

Бізге БҰҰ Жарғысының ережелерін бекітуге, көпжақтылыққа тың серпін беруге, қолданыстағы міндеттемелердің жүзеге асырылуын күшейтуге, жаңа сын-қатерлерге қатысты нақты шешімдерді келісуге және Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара сенімін қалпына келтіруге зор мүмкіндік туып тұр.

Біз келесі жылы Ұйымға мүше мемлекеттер министрлерінің кездесуі аясында өтетін консультацияларға қатысуды, сондай-ақ 2024 жылы Болашақ саммитін асыға күтеміз», - деді Мемлекет басшысы.



Фото:ООН/Джейси Макилвейн







Соңғы жаңалықтар