+7 (701) 759 90 19
USD 387.37 EUR 428.55
RUB 6.06 CNY 55.06
Jańalyqtar

Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштерін АрМи-2019 ойындардағы жетістігімен құттықтады

2019 жылғы 18 тамыз 20:13
Бөлісіңіз:
Тоқаев Қазақстанның Қарулы күштерін АрМи-2019 ойындардағы жетістігімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әскери ойындарда жақсы өнер көрсеткені Қазақстанның Қарулы күштердін құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы «Digital Centre» цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығына барды ҚР Президенті елордадағы инновациялық экожүйе нысандарымен танысты Ақмола облысында  Мемлекет басшысының өңірге жұмыс сапары талқыланды

«Халықаралық әскери ойындарда жақсы өнер көрсеткені үшін Қазақстанның Қарулы күштерін құттықтаймын. Сіздер жоғары кәсіби дайындық пен жауынгерлік шеберліктеріңізді көрсетіп, 39 команданың арасынан 3-ші орынға ие болдыңыздар. Игілікті істеріңізде жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Биыл Халықаралық армия ойындары 10 елдің 21 полигонында, Каспий, Балтық теңіздерінің акваториясында және Парсы бұғазында өтті. Ойындарға 39 мемлекет қатысты. Ойынның бағдарламасына 32 сайыс енгізілген. Оның 16-сында қазақстандық әскери қызметшілер бақ сынады.

7-15 тамыз аралығында Жамбыл облысының «Отар» 40-шы әскери базасында бірқатар сайыс тұрі бойынша Армия халықаралық ойындары өз мәресіне жетті. Әлемнің 13 елі қатысқан додада Қазақстан жеңімпаз атанды.

Бүгін Ресейдің Мәскеу облысында «Алабино» полигоны аумағындағы «Патриот» саябағында V Халықаралық армия ойындарының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Онда жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Жарыс қорытындысымен Қазақстанның Қарулы күштері үшінші орынға тұрақтады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT