Валюта бағамдары:
    usd/kzt 467.99 eur/kzt 488.82

    rub/kzt 7.7 cny/kzt 65.06
Ауа райы:
Астана-22-24℃
  Jańalyqtar  >

Тоқаев: Қазақстандағы ең ұзын өзен жағалауы – Павлодардың визит картасы

2022 жылғы 5 қазан, 17:03

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы ең ұзын өзен жағалауы – Павлодардың визиттік картасы. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы ең ұзын өзен жағалауы – Павлодардың визиттік картасы. Бұл – демалыс орны ғана емес, сонымен қатар қаланың мәдени өмірінің орталығы. Мұндай тартылыс нүктелері көп болуы керек. Жергілікті жағалаудың ерекшелігі – әлемдегі ең үлкен «Қаздар қайтқанда» неоген дәуірі жануарларының қалдықтары шоғырланған жағалаудың бүлінбеген бөлігі. Осынау әлемдік өлшеммен қарағанда бірегей палеонтологиялық ескерткішті сақтау өте маңызды. Мұндай нысандар қаланың символдық капиталын нығайтады және туристердің назарын өзіне аудартады», - деді Мемлекет басшысы Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуі барысында.

Фото: keste.kz

Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары