Тоқаев «Қазақстан инжинирингке» жүргізілген аудит қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова Қорғаныс министрлігіне, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына және «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы баяндады. «Есеп комитетінің төрағасы «Қазақстан инжиниринг» компаниясының қаржылық-шаруашылық жұмысындағы ретсіз шығындар, қарыз жүктемелерінің артуы, холдингтегі өндіріс жүйесінің әбден ескіргені жөнінде мәлімет берді.

Мемлекет басшысы аудит қорытындысы бойынша жинақталған материалдарды өкілетті органдарға жолдауды, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарастыруды тапсырды», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар